Шекарасыз полиция: Семейде Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 24 маусымда Абай облысының Полиция департаментінде республикалық «Заң мен тәртіп» акциясы аясында кең ауқымды Ашық есік күні өтті
Бұл іс-шараның мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараға келген ересектер мен балалар бүгінгі заманғы полицияның қызметімен жақын танысып, өздерін нақты қызметтік жағдайда сынап көру мүмкіндігіне ие болды.
Қонақтарға не ұсынылды?
▪️ криминалистика бойынша шеберлік сабақтары мен кәсіби бағдар кездесулері – әрбір адам өзін тергеуші немесе сарапшы ретінде елестете алды;
▪️ өз-өзін қорғау мен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша интерактивті жаттығулар;
▪️ арнайы техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерінен құралған көрме;
▪️ полиция қызметкерлерінің қолынан шыққан сурет көрмесі – тәртіп сақшыларының шығармашылық қыры көрсетілді;
▪️ көпшіліктің көңілінен шыққан қызметтік иттердің көрсетілімдері;
▪️ өңір қауіпсіздігінің цифрлық орталығы – Оперативтік басқару орталығына экскурсия: бейнебақылау жүйесімен, «102» мобильді қосымшасымен және тұрғындардан келіп түсетін қоңырауларды қабылдау үдерісімен танысу.
Semeynews.kz