Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Облыс әкімі жоғалған баланы тапқан полицейлерді марапаттады

Облыс әкімі Берік Уәли семейлік 7 жастағы баланы тапқан полиция қызметкерлерін қабылдады. Аймақ басшысы Абай облысы Полиция департаменті Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиевке көрсеткен батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін Алғыс хат табыстап, олардың әрекеті баршаға үлгі екенін атап өтті.

Бүгін – қос мереке. Тек мемлекеттік қызметшілер күні ғана емес, Қазақстан Республикасының полиция күні. Сіздерді ең әуелі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен 7 жастағы баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырып, үлкен ерлік жасадыңыздар. Қиын сәтте батылдық танытып, өз міндеттеріңізге адал екендіктеріңізді тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Баланы іздеуге атсалысқан полиция, төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер мен барлық тұрғындарға әкімдіктің атынан, халықтың атынан ризашылығымды білдіремін. Сіздердің жанашырлықтарыңыз – адам өміріне деген шынайы қамқорлықтың жарқын үлгісі, – деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 21 маусымда 2018 жылы туған Аманғали Бекболат Семей қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Хабар түскен сәттен бастап іздестіру жұмыстарына 1000-нан астам адам жұмылдырылды. Баланы іздеуге полиция, Төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық ұлан, еріктілер мен тұрғындар белсенді атсалысты.

22 маусым күні таңертең бала үйінен шамамен 10 шақырым жердегі орман алқабынан аман-есен табылды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button