Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Полиция департаменті бастығының орынбасары курсанттармен кездесті

Абай облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Закимов Елдос ІІМ академиясын бітіруші курсанттармен кездесу өткізіп, полиция қызметінің ерекшеліктері, міндеттері мен қазіргі заманғы талаптары туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында Елдос Закимов өз тәжірибесінен мысал келтіріп, курсанттарға құқық қорғаушы қызметінің мән-маңызы мен жауапкершілігін түсіндірді. Ол жастарға адал қызмет ету, кәсіби шеберлікті арттыру, құқықтық сауаттылықты жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерінде жоғары моральдық-этикалық деңгейде болу керектігін атап өтті.

Қазіргі таңда полиция қызметкері тек құқық қорғаушы ғана емес, қоғамның сенімді серіктесі болуы керек. Сіздер біздің болашақ полиция қызметкерлерімізсіздер, сондықтан әрқайсыңыздың тәрбиелігіңіз, білімдеріңіз және кәсіби дағдыларыңыз еліміздің болашағы үшін маңызды, —деді ол.

Кездесу соңында полковник жас мамандардың құқық қорғау органдары қатарына қосыла отырып, қызметтік борышқа, адалдық пен әділдікке деген адалдықтарын сақтайтынына үміт білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button