Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 28 мыңға жуық адам вакцина алған.
Вакцина салдыру бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Қалада вакцинаның бірінші компонентін 343,4 мың адам салдырған, бұл тұрғындардың 17,2%-ын құрайды. Одан кейін 270,7 мың көрсеткішімен Түркістан облысы тұр, Алматы облысы – 259,4 мың, Шымкент қаласында – 206 мың адам вацина алған.
Елімізде коронавируске қарсы вакцина 1 ақпанан бастап салына бастады. Алайда алғашқы екі айда тек медицина, құқыққорғау қызметкерлері мен мұғалімдеріне салынды. Сәуір айының басында вакцина ел тұрғындарына жаппай салына бастады.
Semey News