Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейтілді

Жазғы демалыс маусымының басталуына орай Абай облысының полицейлері Алакөл көлінің жағалауында қоғамдық тәртіп пен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті. Көл жағалауы Мақаншы ауданына қарасты Қабанбай ауылы маңында орналасқан.

Жағалаудағы полиция тірек пункті базасында биылғы жылдың алғашқы саптық нұсқаулық жиыны өткізілді.

Жеке құрамға қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, су айдындарындағы қауіпсіздікті бақылау және төтенше жағдайларға жедел ден қою міндеттері жүктелді.

Сонымен қатар, полицейлер хулигандық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу сияқты құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Демалушылар көп жиналатын аумақта қоғамдық тәртіптің сақталуына баса назар аударылады.

Қауіпсіздік шаралары бүкіл шомылу маусымы бойы жалғасады. Абай облысының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, сергек болуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Қосымша тәртіпті қамтамасыз ету үшін облыс орталығынан 50-ден астам қызметкер жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button