Абай облысыЗаң мен тәртіп
Абай облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Елдің көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау, сондай-ақ облыс аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 16 мен 20 маусым аралығында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Тәртіп сақшылары шетелдіктердің өңір аумағына келуін, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылайды, ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген заңсыз көшіп-қонушылар мен бұзушыларды анықтауға рейдтер жүргізеді.
Осыған байланысты құқық қорғау органдары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен кафелерді міндетті түрде тексереді.
Жедел-профилактикалық іс-шара 20 маусымға дейін жалғасады.