Абай облысыЗаң мен тәртіпТОП

«Ауладағы қабылдау»: Заң мен тәртіп – әрдайым жаныңызда

Полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің аулаларында азаматтарды қабылдауды жалғастыруда.

Бұл жолы кездесу орны ретінде Семей қаласындағы Утепов көшесі, 1-үйдің ауласы таңдалды. Полициямен ашық сұхбатқа 50-ден астам тұрғын жиналып, өздерін мазалаған мәселелерді ортаға салып, тікелей түсініктемелер алды.

«Ауладағы қабылдау» шарасына Абай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауржан Садакбаев, учаскелік полиция инспекторлары мен қызмет басшылары қатысты. Олар интернет-алаяқтық сынды жаңа қауіптер туралы ескертіп, тұрмыстық жанжалдар, ұсақ ұрлықтар мен мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы айтып өтті. Ерекше назар балалар қауіпсіздігіне аударылды.

Тұрғындарға алаяқтардан қалай сақтану, құқықбұзушылық жағдайында не істеу керектігі және көмекке қайда жүгіну керектігі жөнінде пайдалы ақпарат жазылған жадынамалар таратылды.

Ең бастысы – бұл шынайы диалог болды. Адамдар сұрақ қойып, проблемаларын айтып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жай ғана акция емес. Бұл – полиция мен қоғам арасындағы сенім көпірі.

Мұндай форматтағы шаралар жалғасатын болады: полиция – әрқашан тыңдауға, түсіндіруге және көмек көрсетуге дайын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button