Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Облыс әкімі Бесқарағай ауданындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына жұмыс сапары барысында Баскөл ауылдық округіне қарасты Қарағайлы ауылында орналасқан «BA Agro Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік алаңында болды.

Аталған серіктестік 2017 жылы құрылған. Бүгінде өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі саналады. Негізгі қызметі – дәнді және майлы дақылдарды өсіру. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 30 мың гектарды құрайды, оның ішінде 24 мың гектары – егістік, 6,5 мың гектары – жайылымдық алқаптар. Биыл 17,3 мың гектарға егін егілген, оның ішінде 4,2 мың гектарына бидай, 13,1 мың гектарына күнбағыс дақылы себілген.

Қазіргі уақытта серіктестікте 50-ге жуық адам тұрақты жұмыс істейді. Өндірістік техника паркінде 90-нан астам заманауи техника бар. Оның қатарында МТЗ-82 және К-700 тракторлары, «Бюллер 2375» техникасы, «Акрос» комбайндары, заманауи егіс кешендері, культиваторлар мен бүріккіш техникалар бар. Шаруашылық техникаларды жаңартуға жыл сайын 500 миллион теңгеге жуық инвестиция салады. Сонымен қатар серіктестіктің өндірістік аумағында 10 ангар, машина жөндеу шеберханасы, «Мекмар» және «МУЗ16» астық кептіргіш құрылғылары орналасқан. Серіктестік жыл сайын мемлекет ұсынған қолдау шараларын белсенді пайдаланып келеді.

Облыс әкімі шаруашылықтағы техникаларды, дән сақтайтын қоймаларды аралап көрді.

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды бағыты. Бұл шаруашылық өңірдің экономикасына, агороөнеркәсіп кешеннің дамуына, ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артуына қомақты үлес қосып келеді. Жер алқаптарын игеруде заманауи технологиялар мен жаңа әрі соңғы үлгідегі техникаларды қолданады. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады, – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button