ҚазақстанТОП

Ресейде шетел азаматтарының елге кіру тәртібін реттеудің екінші кезеңі басталды

Ресей Федерациясы көші-қон үдерістерін бақылауды күшейту және ел ішіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында 2025 жылғы 30 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Ресейге кіру ережелері мен шарттарын сынақтан өткізудің екінші кезеңін іске қосады. Бұл шешім 2024 жылғы 1 қарашада бекітілген РФ Үкіметінің №1510 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.Эксперимент визасыз режимі бар барлық елдердің азаматтарына қатысты болады, Беларусь Республикасынан басқа.

Бірінші кезең 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 30 маусымына дейін бірінші кезең аясында Мәскеу қаласының әуежайларында (Шереметьево, Домодедово, Внуково), Мәскеу облысындағы Жуковский әуежайында және Оренбург облысындағы «Маштаково» автомобильдік өткізу пунктінде жүзеге асырылуда. Бұл кезеңде Ресейге келетін шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке деректері бірыңғай базаға тіркеліп, биометриялық бақылау жүргізіледі (саусақ іздерін алу және суретке түсіру).

Екінші кезең 2025 жылғы 30 маусымнан бастап барлық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады. Осы күннен бастап Ресейге келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар сапар жоспарланған уақыттан кемінде 72 сағат бұрын «Госуслуги RuID» мемлекеттік порталы арқылы онлайн тіркеуден өтуі тиіс. Ерекше жағдайларда (мысалы, науқастың болуы немесе жақын туысының қайтыс болуы) тіркеу шекараны кесіп өтуге 4 сағат қалғанда да жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарадан өту кезінде биометриялық деректер жиналмайды.
Тіркеу кезінде онлайн-анкета толтырылады. Анкетаға жеке мәліметтер, сапар мақсаты, жүріп өту бағыты, Ресейдегі мекенжайы, шекарадан өтуге қажетті құжаттар туралы ақпарат және сурет жүктеу енгізіледі. Бұл өтініш 90 күнге дейін жарамды болады.

Тіркеуден сәтті өткен шетел азаматына жеке QR-код беріледі. Бұл код шекаралық бақылаудан өту кезінде қажет. Ресейге кірген соң шетел азаматтары аталған портал арқылы басқа да қызметтерге (тұру мекенжайы бойынша тіркеу, медициналық сақтандыру рәсімдеу т.б.) қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, екінші кезеңге қатысатын өткізу пункттері арқылы кірген барлық шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар елге келген күннен бастап 10 күн ішінде бірыңғай биометриялық жүйеге өз деректерін енгізуі тиіс.

Кімдер тіркеуден босатылады?

– Беларусь азаматтары
– 6 жасқа дейінгі балалар
– Дипломатиялық мәртебесі бар тұлғалар
– Халықаралық ұйымдардың қызметкерлері
– Ресейге визамен немесе ықтиярхат (РВП/ВНЖ) негізінде кіретіндер

6–18 жас аралығындағы балалар үшін тіркеуді ата-аналары немесе заңды өкілдері жүргізе алады. Бұл жағдайда ата-ана немесе өкілдің өз атына тіркеу рұқсаты болуы шарт.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button