
Дүйсенбі, 14 маусымнан бастап Семей қаласындағы № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қағаз форматында қызмет көрсететін болады. Өзіне-өзі қызмет көрсету және нотариуссыз келісім рәсімдеу аймағы жұмыс істемейді. Бұл қызметтерді Ұранхаев көшесі, 57 мекенжайындағы № 3 ХҚКО және 408-квартал, 21 мекенжайындағы № 1 ХҚКО алуға болады. Қалған қызметтердің барлығы қағаз форматына ауыстырылады. Сонымен қатар ХҚКО қызмет алу Egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 контакт-орталығы арқылы алдын-ала кезекті брондаған жағдайда мүмкін болады.

Ең танымал мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды үкіметі, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта алуға болады. Компьютерге қол жеткізе алмайтын семейліктер, ХҚКО ғимаратынан тыс жерлердегі egov.kz қызмет көрсету бұрыштарын, сондай-ақ қаланың басқа ХҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын пайдалана алады.
Сонымен қатар келесі аптадан бастап, санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ХҚКО Ashyq бағдарламасымен жұмыс істейтін болады.
- Менің ойымша, біз осы жаңа енгізілген бағдарламаны тереңірек ойластырып, қызмет көрсету кезінде тексеру шарасын мүмкіндігінше автоматтандыруымыз қажет:
- ЭҮП, телеграмм және 1414 арқылы кезекті брондау кезінде мәртебені тексеруді жүзеге асыруды;
- ХҚКО талон беруде мәртебесін тексеруді біріктіру керек. Біріктіру бізге әлеуметтік наразылықтарды және азаматтар арасында түсініспеушілікті болдырмауға көп септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Семей қаласындағы № 2 ХҚКО басшысы Руслан Кибке.
ХҚКО жұмысы бұрынғы режімде қашан басталатыны туралы әлі хабарланбады.
Semey News



