Абай облысыСемейТОП

Ақтөбедегі Ұлттық ұлан әскери бөліміне жасалған лаңкестік шабуылға 9 жыл болды.

Ерлік мәңгі ұмытылмайды: Семейдегі Ұлттық ұлан бригадасында ерлікпен қаза тапқан сарбаздарды еске алды.

– Ұлттық ұланның батыр сарбаздарын еске алу мақсатында 2016 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде орын алған қарулы лаңкестік шабуылды тойтару кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бригада командирі өз сөзінде бұл еске алу күні – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің және Отанға адал қызмет етудің айқын үлгісі екенін атап өтті.

– Батыр сарбаздардың ерлігі – біздің жадымызда мәңгі сақталады. Олар антқа адал болып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтау жолында жанқиярлық танытты, – деді командир.

Салтанатты жиын аясында «Мәңгілік сапта» патриоттық акциясы өткізілді. Қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Еске сала кетейік, 2016 жылы маусым айында Ақтөбедегі қарулы шабуыл кезінде бірнеше әскери қызметші лаңкестік әрекетті тойтару барысында ерлікпен қаза тапқан болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button