Семейдегі 5511 әскери бөліміне көктемгі шақырылымның алғашқы сарбаздары келді

Семей қаласындағы Ұлттық ұланның 5511 әскери бөліміне 2025 жылғы көктемгі шақырылым аясында алғашқы жас сарбаздар келіп жетті. Олар Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған.
Жаңа толымды сарбаздарды бөлім командирі, полковник Айбек Аскерович Исенов салтанатты түрде қарсы алып, оқу пунктінің әкімшілік құрамымен таныстырды. Алғашқы күндері жас жауынгерлерге әскери бөлімнің құрылымы, қызметтік міндеттері мен жетістіктері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, оларға бекітілген әскери киім үлгілері табысталды.
Жас сарбаздар алдағы уақытта оқу-жаттығу кезеңінен өтіп, оны сәтті аяқтаған соң әскери ант қабылдайды. Бұдан кейін олар Семей қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және түзету мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік міндеттерін атқара бастайды.
ҰҰ “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі