Абай облысыТОП

Халықаралық балаларды қорғау күні Семейде кеңінен аталып өтті

Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Осындай шаралардың бірі алғаш рет Абай гарнизонының әуе базасында ұйымдастырылды. Айтулы мереке қарсағында әуе базасының ұшу алаңында ашық есік күні өткізіліп, ол жерде 54853 және 44736 әскери бөлімдері балаларға  көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шараның басты мақсаты – әскери-патриотық рухты нығайту және әскери қызметтің жұмысын таныстыру болды. Балалар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен, әскери киім үлгілерімен, авиациялық әскери техника және қару-жарақ түрлерімен танысты. Ұшу алаңында балабақша тәрбиеленушілері мен оқушыларға арнап қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі өткізілді. Әскери қызметшілер қонақтарға заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері мен тікұшақтарыды таныстырып, балалардың қызығушылығын оята алды.

          – Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әрқашан жарқын, шуақты, балалық шақтың нағыз қуанышты мерекесі. Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана болмай, қоғамға барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, патриоттық бағытта тәрбиеленуі өте маңызды екенін еске салады. Балалар біздің болашақ ізбасарларымыз, сондықтан әрбір бала ата-анасынан, үлкендерден үлгі алып өседі. Мерекелік шараға екі жүзге жуық балалар қатысып отыр. Оның аясында әртүрлі байқаулар да ұйымдастырылды. Балалардың көңілінен шықты деп ойлаймын, – дейді 54835 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Базылов. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

Осы айдарда

Back to top button