ШҚО

Әскери қызметшілер арасындағы қылмыстар саны белгілі болды

Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөліміне қарасты Өскемен ганизонының әскери қызметшілер арасындағы қылмыстар саны белгілі болды. Әскери-тергеу бөлімінің айтуынша, Отан қорғаушылар арасында өткен жылмен салыстырғанда, биыл қылмыс үш есеге төмендеген. Құқық қорғау органдары бұл нәтиже алдын алу шараларының ұдайы түрде жүргізілуінен деп есептейді.

– Әскери қызметшілер арасындағы қылмыстық істерді болдыртпау үшін әскери бөлімдердің арасында әскери қызметшілер мен сарбаздарға жеке дөңгелек үстелдер мен пікір алмасу ұйымдастырамыз. Оларға қылмыстық баптар жайында толыққанды ақпарат береміз. Әсіресе, біздің басты назарымыз сарбаздар болып табылады. Олардың мүддесін қорғау болып табылады, – дейді ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің бастығы подполковник Дархан Қасенов.

Әскери тергеу басқармасы бүгінде толықтай техникалық құрылғылармен жабдықталған. Әсіресе, тергеу бөлмесінде жауап беруші мен тергеу алушының құқықтары қорғалу мақсатында бейнежазба камералары орнатылған. Жалпы, басқарма міндеті әскери ортада болған қылмысты жедел түрде ашып, заң шеңберінде лайықты әділ баға беру болып табылады. Әскери тергеушілер қызмет бабын асыра пайдалану, бұзақылық, ұрлық және сыбайлас жемқорлықтан бастап заңсыз есірткі айналымына дейінгі түрлі құқық бұзушылықтар тергелуде.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button