Балаларды қорғау күні қарсаңында УИС қызметкерлері сенбілікке шықты

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері Семей қаласында жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілік барысында қаланың орталық бөлігі мен арнайы балалар үйінің аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара балаларға деген қамқорлық пен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттауға бағытталды.
Бүгінгі сенбілік – бұл болашақ ұрпаққа деген қамқорлық пен әрбіріміздің қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Біз тек қаланы тазалап қана қоймай, балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге де қолдау көрсетуді мақсат еттік. Мұндай іс-шаралар ұжымдық ауызбіршілікті нығайтып, экологиялық мәдениетті арттырады, – деп Департаменттің бастығы Ғалымжан Мұқатайұлы Балтабаев атап өтті.
Қызметкерлердің мұндай белсенділігі қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтып, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға оң ықпал етеді.