Абай облысыҚоғамСемей
Бас Прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша өңірлердегі прокурорлар «Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында жергілікті жастармен бірлескен іс-шараларды белсенді түрде өткізіп жатыр

Семей қаласында облыс прокуратурасының бастамасымен бұл қағидаттарды мектеп оқушыларына жеткізуге Алихан Бөкейханов атындағы университеттің үздік студент-заңгерлері — 56 болашақ құқықтанушы тартылды.
Олар 7–10 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесулер өткізіп жатыр. Тақырыптар — бейресми, бірақ өмірлік маңызды:
– буллинг және оған қарсы тұру жолдары;
– нашақорлықтың қаупі және қылмыстық жауапкершілік;
– алаяқтық пен бопсалау схемалары;
– өзіңді және жақындарыңды қорғау тәсілдері.
Бұл — жастар арасындағы өзара ашық диалог. Бірдей деңгейде өткен іс шара. Өйткені бүгінгі күні профилактика сенім мен құқықтық білім арқылы жұмыс істейді.