ҚазақстанОқиғаТОП

Түркістан облысында тауда денесі табылған студенттің кім екені белгілі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында табылған 6-ыншы турист туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екендігі анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныды”, – деді ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 12 маусымда Түркістан облысының тауларында жоғалған 6-ыншы туристің денесі табылғанын мәлім еткен болатын.

21 мамыр күні Түркістан облысының “Сары-Айғыр” шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кетті. 24 мамырда олар кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда туристердің жоғалғаны туралы “112” пультіне хабар берілген.

28 мамырда 7 адамның 3-еуі табылып, құтқарылды. Ал 29 мамыр күні екі туристің денесі табылды. Бүгін ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім еткен болатын.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button