Абай облысыТОП

54770 әскери бөлімі жаңа техникамен толықты

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 54770 әскери бөліміне бір дана жаңа үлгідегі «ЭУ-195» экскаватор, екі дана әмбебап жол талғамайтын машиналары және күрделі жөндеуден өткен инженерлік қоршау машинасы жеткізілді. Әскери бөлімнің жеке құрамы техникаларды «Жалпақ» станциясынан арнайы эшелоннан түсіріп алды.

54770 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету бойынша орынбасары майор Батыржан Шоқанұлының айтуынша, аталмыш инженерлік әскери техникалар ұрысты қамтамасыз ету барысында  жауынгерлік даярлықты арттырады. Сонымен қатар табиғи және техногендік төтенше жағдайлар салдарын жою мен алдын алу бойынша көптеген іс шараларда қолданылады.

– Бұл техникалардың негізгі мақсаты жауынгерлік даярлықтың артуына септігін тигізеді. Атап айтатын болсақ жаңа үлгідегі жаңа экскаватор «ЭУ-195» қазу жұмыстарын жүргізссе, әмбебап жол талғамайтын машиналары жол жасау жұмыстарына жұмылдырады, ал инженерлік қоршау машинасы жол үстіндегі өткелдерді тазалауға қолданылады. Аталған әскери техникалардың көмегімен жауынгерлік тапсырмаларды әрқашан жоғары дәрежеде орындайтын боламыз, – деп нақтылады майор Батыржан Шоқанұлы.

 Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button