Семей

Қала әкімі ПИК өкілдерімен кездесу өткізді

Қала әкімі Талғат Мұратов пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен және өкілдерімен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, кооператив өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

Кездесу барысында аулаларды абаттандыру, қоқыс шығару, сенбілік ұйымдастыру, тұрғын үйлерді күтіп-ұстау және басқа да мәселелер көтерілді. Қала әкімі барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Семей – біздің ортақ үйіміз. Қаламызды көркейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әр тұрғынның, әр ұйымның белсенді қатысуы маңызды. Бірлесе әрекет етсек, қаламыздың келбетін жақсартып, өмір сүруге жайлы етуге толық мүмкіндігіміз бар, – деді Талғат Мұратов.

Кездесу қорытындысы бойынша әкім тиісті мекемелерге заң аясында мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар беріп, бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button