Абай облысыТОП

26 жобаны іске асыру облыс халқын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етеді

Атаулы жобалар тек облыс аудандарында ғана емес, сонымен қатар әкімшілік орталық – Семей қаласының бірнеше ауданында су құбыры желілерін ұйымдастыруды қамтиды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов мәлімдеді.

– Биыл Абай облысында су жеткізу бойынша 26 жобаны жүзеге асыруға қаражат қарастырылған. Жоспарланған жобалардың 15-і 2024 жылдан өтпелі. Олардың қатарында Бобровка және Березовский кенттерін, сондай-ақ Глуховка, Егінсу, Қызылту және басқа да ауылдарды су құбыры желілерімен қамтамасыз ету қарастырылған, – деп атап өтті спикер.

Басқарма басшысының айтуынша, өтпелі жобалардан бөлек, облыста су құбыры желілерін ұйымдастыру бойынша 11 жаңа жоба қолдау тапты. Олардың 8-і Семей қаласында жүзеге асырылмақ.

Жалпы, 26 жобаны жүзеге асыру 28 511 адамды қамтып, өңір халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

https://t.me/rsk_abay

Осы айдарда

Back to top button