Абай облысының полиция қызметкерлері Наурыз мейрамын тойлау кезінде жоғалған баланы тапты

Наурыз мейрамын тойлау шаралары кезінде Абай облысы полицейлері жоғары кәсібилігін және жауапкершілігін көрсетті. Мерекелік шаралардың бірінде 4 жасар баланың жоғалып кеткені анықталды.
Полиция сержанты Фархатұлы Архат қызмет атқару барысында көпшіліктің арасында адасып қалған баланы байқады. Шудың және көп адамның болғанына қарамастан Архат бұл жағдайға бей-жай қарамай, дереу бақылауға алды.
Полицейлер баланың ата-анасын тауып, оны қысқа мерзімде отбасына табыстады. Бала, бақытқа орай, ешқандай зиян көрмеген және жақсы жағдайда болған. Ата-аналар полиция қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Бұл оқиға көпшілік шараларында қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін және полиция қызметкерлерінің мұндай маңызды және қуанышты сәттерде әрдайым азаматтарға көмек көрсетуге дайын екендігін көрсетеді.
Semeynews.kz