Абай облысыТОП
Бородулиха ауданындағы су өткізу құбырлары тексерілді

Бүгін Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Бородулиха ауданының аумағындағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардағы су өткізу құбырларын тексерді.
Олардың барлығы қар мен қоқыстан тазартылған. Көктемгі тасқын суын өткізуге дайын. Жол бойындағы су өткізу құбырлары мен тасқын қаупі бар учаскелер тәулік бойы бақыланады.
Әкім орынбасары күнделікті қадағалауды күшейтіп, су бөгеттері мен көпірлердің жағдайын жіті бақылауда ұстауды, гидрологиялық бекеттер ұйымдастыруды тапсырды.
Semeynews.kz