ШҚО

Ұлттық ұландықтар 102 жастағы тыл ардагері Светочева Анастасия Павловнаға құрмет көрсетті

Өскемен қаласында Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Светочева Анастасия Павловнаны құрметтеуге арналған “Жеңіске дейінгі 100 күн” акциясы аясында салтанатты шара өтті.
Ардагерді салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне 3477 әскери бөлімінің 50 ге жуық офицерлері мен сержанттары, сондай-ақ “Жас Бүркіт”әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

3477 әскери бөлімінің командирі полковник Руслан Есенғалиев Анастасия Павловнаға Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі, соғыс жылдарындағы еткен еңбегі мен кейінгі ұрпаққа көрсеткен табандылықтың таптырмас үлгісі үшін алғысын білдіріп, ардагерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Анастасия Павловна ғасырдан асқан жасына қарамастан, әлі де тың әрі өзін сергек ұстайды. Ол барша әскери ұжымға керемет мерекелік көңіл сыйлағандары үшін алғысын айтты.

– Біз ата-бабаларымыздың ерлікке толы өткенін әрқашан есте сақтауға міндеттіміз, – дейді 3477 әскери бөлімінің командирі. – Мұндай кездесулер жас ұрпаққа бейбітшілік пен тәуелсіздіктің бағасын түсінуге көмектеседі, аға буынға құрмет көрсетуге үйретеді.

Іс-шара 5518 әскери бөлім оркестрінің соғыс жылдарындағы әндерін орындаумен аяқталды.

ҰҰ “Шығыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button