Абай облысыТОП

«Семей орманы» аумағында орман өрттерін ерте анықтау жүйелері орнатылады

Орман өртіне жедел әрекет ету және залалды барынша азайту мақсатында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында жаңа автоматтандырылған ерте хабарлау жүйелері іске қосылады. Бұл туралы баспасөз конференциясында «Семей орманы» МҰТП СОПКиО бөлімінің міндетін атқарушы басшысы Ринат Өтегенов мәлімдеді.

– Қазіргі таңда мұндай жүйелер Семей, Жаңасемей және Канонер филиалдарында жұмыс істейді. Биылдан бастап барлық филиалда өрт ошақтарын қашықтан бақылауға және автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік беретін жаңа кешендер орнатылады. Бұл өрттің алдын алуға, оның таралу қаупін азайтуға және жою шараларын жедел ұйымдастыруға ықпал етеді, – деді Ринат Өтегенов.

Сонымен қатар, орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған оқу-жаттығулар ұйымдастыру жоспарланған. Бүгінде тұрақты штат саны 177 адамды құрайды, ал өрт қаупі жоғары кезеңде қосымша 400 уақытша қызметкер тартылады. Филиалдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жанар-жағармай материалдарының стратегиялық қоры жасақталып, байланыс құралдары күшейтілді. Қазіргі уақытта 648 радиостанция қолданыста, оның 391-і – тасымалды құрылғылар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button