
11 маусым күні, сағат 17:25 шамасында Меновное кентінде Ярославский көшесі бойында 31 жастағы SKODA автокөлігінің жүргізушісі бекітілген жылдамдықты сақтамай ГАЗ-3110, TOYOTA, MAZDA, SUZUKI көліктерімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және бір жолаушы медициналық көмекке жүгінді, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Semey News