Абай облысыҚоғамТОП

Аягөзде жедел басқару орталығы ашылды: қауіпсіздік күзетіндегі инновациялар

Аягөз қаласында заманауи полицияның жедел басқару орталығы жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсімін Абай облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров өткізді. Шараның құрметті қонағы Аягөз ауданының әкімі Данияр Қайырханұлы Шакарымов болды. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Енді қала көшелері мен қоғамдық орындарда 120 бейнебақылау камерасы орнатылды. Олар жағдайды тәулік бойы бақылап, кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында 10 стационарлы жылдамдық өлшегіш орнатылды. Сонымен қатар, пилоттық жоба аясында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейтін «Ekin Patrol G2» мобильді кешендері енгізілуде. Бұл құрылғылар нақты уақытта заң бұзушылықтарды анықтап, жол қозғалысы жағдайын талдай алады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 2025 жыл «Профилактика жылы» деп жарияланды. Аягөз қаласында жедел басқару орталығының ашылуы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды қадам болып табылады. Біздің мақсатымыз әрбір азаматтың өзін қауіпсіз сезінуі, ал полицияның қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмысын қамтамасыз ету, – деп атап өтті полиция полковнигі Ернар Базаров.

Жедел басқару орталығы – құқықбұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қалалық инфрақұрылымның дамуының жаңа сатысы. Аягөз тұрғындары енді олардың қауіпсіздігі жаңа технологиялар мен полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында сенімді қорғауда екеніне сенімді бола алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button