KMF Аягөзде жаңа бөлімше ашты: қаржылық шешімдер бұрынғыданда қолжетімді бола түсті

KMF МҚҰ Қазақстан бойынша өз желісін кеңейтіп, клиенттер үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруды жалғастыруда.
2025 жылдың 7 ақпанында Аягөз қаласында KMF-тің жаңа бөлімшесі ашылды. Енді қала тұрғындары мен өңір кәсіпкерлері кәсіби қаржылық кеңес алып, ыңғайлы жағдайда несие рәсімдей алады.
KMF Қазақстанның барлық өңірінде сапалы қаржылық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Аягөздегі жаңа бөлімшенің ашылуы – бұл компанияның аймақтағы дамуын және жергілікті клиенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудегі маңызды қадамы.
Жаңа бөлімше – бұл жай ғана кеңсе емес, бұл жергілікті бизнес иелері, отбасылар және қаржылық тұрақтылыққа ұмтылған барлық азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы.
Абай облысының оңтүстік-батысында орналасқан Аягөз ауданы соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсім көрсетіп келеді. Өңірдегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қарқынды дамуы оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түсуде. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің кеңеюіне қолайлы жағдай жасап, кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін береді.
KMF-тің жаңа бөлімшесінің ашылуы қала мен өңір тұрғындары үшін бірқатар артықшылықтар әкеледі. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы – жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуын арттырады. Қаржылық қызметтерге қолжетімділіктің артуы – кәсіпкерлер мен тұрғындар несие мен кеңес алу үшін басқа қалаларға бармай-ақ, өз өңірінде шешім таба алады. Кредиттік мүмкіндіктердің кеңеюі – шағын және орта бизнестің өсуіне оң ықпал етеді.
Өңір экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы мен шағын бизнес. Оларға ұсынылатын тиімді несие өнімдері мен қаржылық кеңестер кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, Аягөздің ыңғайлы көлік қатынасы жаңа бөлімшенің тек қала тұрғындарына ғана емес, көрші аудандардың кәсіпкерлері мен тұрғындарына да қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
Біз клиенттерімізге ыңғайлы жағдай жасап, сапалы қызмет көрсетуді басты мақсатымыз санаймыз. Аягөз қаласындағы жаңа бөлімшенің ашылуы – осы ұстанымымыздың айқын дәлелі. Енді тұрғындар мен кәсіпкерлер қаржылық қолдауға тез әрі оңай қол жеткізе алады. Біз ұсынатын кредиттік шешімдер өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді деп сенеміз, – деп атап өтті KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.
KMF өз клиенттерін сенімді қаржылық шешімдермен қамтамасыз ете отырып, желісін одан әрі кеңейту бағытында қарқынды жұмыс жүргізуде. Аягөздегі жаңа бөлімшенің ашылуы – компанияның өсуіне ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетін маңызды қадам.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған № 02.21.0003.M лицензия
Қазақстан республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген.