
Қайғылы оқиға 1994 жылы сәуірде орын алған. Братск ауданындағы тұрғылықты мекендердің бірінде, жол бойынан көптеген пышақ жарақаттары бар дене табылды. Туыстары тергеушілерге оның қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын өзінің көлігімен Тулунға кеткенін жеткізді.
Күдіктіні анықтады, алайда күдіктінің Қазақстанға қашып кетуіне байланысты оны ұстай алмады. Қылмыстық іс тоқтатылды. 2020 жылы күдікті азаматтың тұрғылықты жері анықталды. Ол сол уақытта Қазақстанға, туған жеріне келіп өзі туралы жеке мәліметерді өзгертіп, өзінің өмірі туралы жаңа аңыз әңгіме құрастырып Ресейдің Белгородск облысына көшіп кеткен. 2020 жылғы қыркүйекте ол ұсталды.
Айыпталушы қамауға алынды. Ол жасаған қылмысы туралы толықтай мәліметтер берді. Оның айтуынша, ол кісі өлтіруді пайдакүнемдік мақсатта жасаған. Кісіні өлтіріп оның автокөлігін алған, артынша оның жақын туыстарына оның атынан Иркутскіге кеттім, бірнеше күннен кейін келемін деп телеграмма жолдаған.
Қазақстанның тумасы қарулы тонау және пайдакүнемдік мақсатта қасақана кісі өлтіргені үшін айыпталуда.
Semey News