Қазақстан

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 3,5 млн азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 3,5 млн азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, оның ішінде – 123 мың қызметкер, 1,9 млн-ға жуық жасөспірім,  23 мыңнан астам баланың пайдасына алимент бойынша 4,6 млрд теңге қарыз өндірілді – деп Бас Прокурор Берік Асылов хабарлады.

Барлық анықталған бұзушылықтар мен проблемалық мәселелер бойынша Үкіметке 23 қадағалау актісі енгізілді (экология, балалардың құқықтарын қорғау, ЖКО алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау сапасы бойынша және т.б.). Олардың негізінде Жол карталары, заңдарға және заңнан туындаған актілерге түзетулер әзірленді, сонымен қатар оларда баяндалған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ азаматтардың, бизнестің құқықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажетті басқа да шаралар қабылданды.

https://t.me/GenPr

Осы айдарда

Back to top button