Қазақстан

Бас Прокурор Берік Асылов қадағалау органының күш-жігерінің алдағы кезеңдегі бағыттары туралы айтып берді

Бас Прокурор Берік Асылов қадағалау органының күш-жігерінің алдағы кезеңдегі бағыттары туралы айтып берді:

1) Мемлекет басшысының нұсқамаларын одан әрі іске асыру («Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақстан – Адал азамат», «Таза Қазақстан» және т.б. қағидаттарына);

2) құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту және алаяқтық, қарақшылық, есірткі бизнесі және басқалар сияқты қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге қарсы күреске;

3) қадағалау қызметіне, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалана отырып, цифрлық құралдарды енгізуге;

4) қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға.

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде прокуратура органдары заңсыз шығарылған активтерді қайтару, сондай-ақ инвесторларды «прокурорлық сүзгі» арқылы қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Әртүрлі салалардағы жүйелі және өзекті мәселелер бойынша тексерулер жүргізу жоспарланған.

Олардың қатарында азаптауға қарсы іс-қимыл және қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу, білім беру қызметін лицензиялау кезінде заңдылықты сақтау, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері және басқалар бар.

https://t.me/GenPr

Осы айдарда

Back to top button