Абай облысыауылшаруашылығыВизитВыборыМӘМСНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНОВОСТИ ДНЯПравоПраздникПрезидентПроблемаПроизводствоПрофилактикаТәуелсіздікке 30 жылТОПҮкімет

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды

Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменовтің төрағалығымен өткен өңірлік комиссияның кезекті отырысына кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармалары өкілдері, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, «Семей «ӘКК» АҚ төрағасы, сондай-ақ көтерме-бөлшек сауда өкілдері қатысты.

Отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны ұстап тұру шаралары, өңірлік комиссия қызметінің нәтижелері және көкөніс өнімдерін, атап айтқанда, картопты сату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында облысты әлеуметтік бағамен картоппен қамтамасыз ету, көкөніс өнімдерін, соның ішінде картоп егіс алқаптарын ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары ӘМАТ бағасын ұстап тұруды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button