Бородулихада бағаны тұрақтандыру жұмысы жүргізілуде
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермес үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Жәрмеңке сөрелеріндегі бағалар нарық құнынан төмен. Соның ішінде 19 тауар түріне тікелей жеткізушілермен келісімшарт жасауға ерекше назар аударылды. Бұл бағаны тұрақтандырып қана қоймай, тұрғындарды қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Айдар Ибраев Бородулиха ауылында апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды. Жәрмеңкеде тұрғындар шаруалардан қалаған өнімін еш делдалсыз, қолжетімді бағада сатып ала алады.
Ауданда әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бағаға күнделікті мониторингін жүргізуді, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдану тапсырылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруды жалғастыру міндеттелді.