Облыс орталығында варикозды лазерлік әдіспен емдеу МӘМС жүйесі арқылы тегін қолжетімді
Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында пациенттер бірнеше күннен кейін-ақ қалыпты өмірге орала алады.
Варикозды кеңею – уақытылы емдеуді қажет ететін күрделі ауру. Бүгінгі таңда оны емдеудің екі негізгі әдісі қолданылады: тамырларды радиожиіліктік абляциялау («алтын стандарт» болып саналады) және лазерлік терапия. Варикозды лазерлік жолмен алып тастау – ең көп қолданылатын әдіс.
Ангиохирургтардың айтуынша, процедурадан кейін пациенттер компрессиялық шұлық киіп, үйлеріне қайтады. Бұл әдіс қант диабетімен ауыратын адамдарға және жалпы наркозға қарсы көрсетілімі бар науқастарға да жарамды. Операция дәрігердің жолдамасымен МӘМС аясында, сақтандырылған пациенттер үшін тегін жүргізіледі.
МӘМС бағдарламасы аясында пациенттер келесі медициналық қызметтерді ала алады:
* Тамыр хирургының кеңесі;
* Төменгі аяқ-қол тамырларының ультрадыбыстық дуплексті сканерлеуі;
* Көрсетілімдер бойынша операциялық емдеуге жолдама беру.
МӘМС есебінен емдеуді қалай алуға болады?
Варикозды МӘМС есебінен емдеу мүмкіндігін пайдалану үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
– Квота алу
Тұрғылықты жеріңіз бойынша учаскелік дәрігерге барыңыз. Сізге тамыр хирургының кеңесіне және диагнозды растау үшін УДЗ-ға жолдама қажет болады.
– «Госпитализация бюросы» порталы арқылы кезекке тұру
Маманның қорытындысынан кейін және операция қажеттілігі расталған жағдайда сізді емдеу кезегіне қояды.
Мәселені кейінге қалдырмаңыз – дәрігерге қаралып, бүгіннен бастап емдеуді бастаңыз!
ОСМС мүмкіндіктері туралы көбірек білу үшін Медициналық сақтандыру қоры филиалының @msqory_abai парақшасына жазылыңыз.