Абай облысыауылшаруашылығыВизитВыборыМӘМСНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНОВОСТИ ДНЯПравоПраздникПрезидентПроблемаПроизводствоПрофилактикаТәуелсіздікке 30 жылТОПҮкімет

Өңірдегі 21 колледж жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындайды

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай оқу орындарындағы жұмысшы мамандықтарды даярлау тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Өңірде 5444 студент білім алып жатқан 21 колледж жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындауда. Бұл туралы Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова атап өтті.

– 2024-2025 оқу жылында оқуға 5900 студент қабылданды, оның ішінде 2000 студенттің жұмысшы біліктілігі бар. Қазіргі уақытта облыстың 21 колледжі жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындауда. Оған электр және газбен дәнекерлеушілер, слесарлар, электриктер, сантехниктер және, құрылысшылар сияқты бірнеше мамандықтар кіреді, – деді Айжан Құрманова.

Биыл нысаналы мемлекеттік тапсырысы және кәсіпорындардың сұранысы бойынша оқуға 719 студент қабылданған. Сонымен қатар облыстағы 31 колледжде 70 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, қазір 3060 студент білім алуда.

– Облыстағы 20 колледж 4200 студентті қамтитын 22 кәсіпорынмен меморандумға отырды. Бұдан бөлек 2025 жылы колледждер жұмысшы біліктілігі бойынша жаңа мамандықтар ашуды жоспарлап отыр. Оның ішіне аспаптар мен автоматикаға техникалық қызмет көрсету, жөндеу жөніндегі слесарь, токарь, электрик, электрик, сатушы, мерчандайзер мамандықтары кіреді, – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

2023-2024 оқу жылында пилоттық жоба режиміне 2 колледж кірген. Олар «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» мен «Бизнес және сервис колледжі». Бүгін бұл колледждерде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша – 20 студент, «Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша – 40 студент, «Аспаздық» мамандығы бойынша – 30 студент, «Сән дизайны» – 15 студент, «Шаштараз-стилист» – 15 студент білім алуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button