ТЖД бөлімшелері заманауи техникаға ие болды
2024 жылы Абай облысы әкімдігінің қолдауының арқасында Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері заманауи техника мен жабдықтар алды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жедел-құтқару автомобильдері, жол талғамайтын көліктер, жүзу құралдары, сондай-ақ инженерлік және сүңгуір жабдықтар сатып алынды. Олардың қатарына авариялық-құтқару құралдары, жылу тексеретін құрылғы (тепловизорлар), генераторлар, шынжырлы ара, кескіш және су астында іздеуге арналған жабдықтар кіреді. Техникалар қазірдің өзінде пайдаланылуда. Олар қиын жағдайларда құтқару операцияларын жүргізу үшін қолданылады.
Сонымен қатар, құтқарушылар іс-қимылдарды үйлестіруге және төтенше жағдайларда уақытты барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи байланыс құралдары мен техникаға ие болды.
Халықты дер кезінде ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Семей қаласында ескерту жүйесін жаңғыртудың алғашқы кезеңінде телерадио хабарларын қабылдауға арналған жаңа қондырғылар орнатылды. Заманауи жүйе кез келген төтенше жағдай туралы ақпаратты тұрғындарға жедел жеткізуге, ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.