Терминалдың негізгі мақсаты-жүктерді және контейнерлерді кең жолтабанға ауыстырып тиеу, жүктерді көлік түрлері бойынша шоғырландыру.
Өткен демалыс күндері терминал арқылы Қытай-Еуропа бағытындағы алғашқы 10 контейнерлік пойыз өтті. Нысанның құрылысын “Dostyk TransTerminal (Достық ТрансТерминал)”ЖШС жүргізді. Терминалдың басқарушы компаниясы “PTC Cargo” ЖШС болып табылады.
Жаңа жүк тиеу терминалы Достық станциясынан батысқа қарай 6 км жерде, “Достық – Алашанькоу” шекаралық өту пунктіне тікелей жақын жерде 150 гектар алаңда орналасқан. Терминал жүктер мен контейнерлерді 1435 мм (Қытай) теміржол жолтабанынан 1520 мм жолтабанына (Қазақстан) ауыстырып тиеуге, автомобильдерге және керісінше, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүретін маршруттық контейнерлік пойыздарды өңдеуге, сақтауға, жөндеуге, қалыптастыруға, сондай-ақ жүктерді көлік түрлері бойынша шоғырландыруға және қойма және терминал операцияларын орындауға арналған.
Қазіргі уақытта контейнер алаңының аумағында сыйымдылығы 60 шартты вагоннан тұратын екі түрлі жолды, жүк көтергіштігі 46 тонна “Konecranes” маркалы 2 ричстакерді пайдалануға толық дайын. Осы жылдың қазан айында үшінші ричкастерді іске қосу жоспарланған.
Терминалды іске қосу PTC Holding компаниялар тобы жүзеге асыратын көпфункционалды бизнес-аймақты (өнеркәсіптік аймақпен, Құрғақ порт аймағымен және ауыстырып тиеу терминалымен) дамыту бойынша жобаның бірінші кезегі болып табылады.
“Біз жүк жөнелтушілер тарапынан үлкен сұранысты көріп отырмыз. Пандемияға қарамастан, өткен жылы контейнерлік тасымалдар тұрақты өсуді көрсетті, мысалы, әмбебап жүк вагондарында біршама құлдырау болды. Мысалы, Қытай – Еуропа бағыты бойынша 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда контейнерлік тасымалдардың 60%-дан астам өсуі болды, 2021 жылдың басынан бері бұл тренд жалғасуда – біз Еуропа мен Орталық Азияға бағыттарға сұраныстың өсуін көріп отырмыз. Бұл көптеген клиенттердің басқа бағыттардан, мысалы, теңіз бағыттарынан контейнерлік тасымалдарға қайта бағдарланғанын білдіреді”, – деп хабарлады PTC Cargo басқарушы терминал компаниясының бас директоры Шыңғыс Төлеушин.
Терминалдың өндірістік қуаты төрт кезектен тұрады: бірінші кезек – 160 000 TEU; екінші кезек – 160 000 TEU; үшінші кезек – 300 000 TEU; төртінші кезек екінші кезекті жаңғыртуды және 80 000 TEU-ға қосымша қуатты көздейді. Бүгінде жобаның екінші кезегін іске асыруға кірісіп кеттік.
Терминалдың соңғы өткізу қабілеті 700 мың TEU құрайды, бұл Қытай-Еуропа транзитінің қазақстандық учаскесіндегі Достық станциясы арқылы маршруттың өткізу қабілеті мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады.
Ақпарат үшін: “PTC cargo” ЖШС, PTC Holding еншілес компаниясы, жүк тиеу терминалының басқарушы компаниясы болып табылады. Компания меншігінде 600 фитингтік платформа бар. Қытай – Еуропа бағытында тәулік сайын 5-6 халықаралық контейнерлік пойыз қайта тиелуде.
Semey News