Көкпекті ауданында қар тазалау қарқынды жүргізілуде
«Омбы – Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 906-1321 шақырым (Боғас учаскесі – Байбура-Қалбатау учаскесі) учаскесі жүйелі түрде қардан тазаланады. Сондай-ақ, инертті материалдар қажетті мөлшерде әкелініп, күнделікті патрульдеу жүргізілуде.
Ұзындығы 45 шақырым болатын облыстық маңызы бар (Көкпекті-Самар-Васильев өткелі – 169 шақырым) автомобиль жолдарының учаскесіне «Семей жолдары» ЖШС қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта 2 қар тазалағыш техника күнделікті кезекшілікпен жұмыс істеп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасап отыр.
Ал 282,4 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары «Smart Bild» ЖШС және «Болгибаева» ЖК қарамағында. Аумақты қардан тазартуға үш К-700, алты МТЗ, үш тиегіш (погрузчик), бір грейдерді қосқанда барлығы 13 техника шығады.
Қазіргі уақытта ауылдық округтер мен елді мекендердің ішіндегі жолдарды қардан тазарту бойынша шарттар жасалды. Жолдарды тазарту және кеңейту жұмысы тиісті деңгейде жүргізілуде.
Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 488,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 161, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 45 шақырым. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 282,4 шақырымға жетеді.