Абай облысыТОП

Аудандық ауруханаға жаңа медициналық жабдықтар алынды

Мақаншы ауданының денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданға қарасты 8 елді-мекенде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, Бекет ауылындағы нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан Мақаншы ауылындағы күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысының жандануы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Нысанды 2025 жылдың мамыр айында қолданысқа беру жоспарлануда.

Аудандық ауруханаға алғаш рет компьютерлік томография аппараты алынды. Аурухананы қажетті дәрігер мамандармен қамтамасыз ету бағытында да нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы УДЗ, кардиолог, пульмонолог сияқты жас мамандар жұмысқа қабылданса, биыл олардың қатары рентгенолог, реабилитолог сынды дәрігерлермен толықпақ.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде бала туу 2023 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға артты. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Тұрғындардың сырқаттану көрсеткіші 1,8 пайызға азайған.

Қазіргі таңда аудан тұрғындарына 1 клиникалық-диагностикалық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік акушерлік пункт, 6 медициналық пункт, 8 клиникалық бөлім қызмет көрсетеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button