Ұлттық ұланда қысқы оқу кезеңі басталды
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, сондай-ақ биылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды. Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өткен іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Еркебұлан Хамидуллин қатысты. Еркебұлан Қазбекұлы жиын барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің офицерлеріне мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді.
– Мемлекет басшысы атап өткендей, «Біздің қарулы күштеріміз –мемлекетіміздің мызғымас тірегі». Сондықтан біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап, 130 ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту, – деді полковник Еркебұлан Хамидуллин.
Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр. заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі