
Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты бүгін, 11 маусымда сағат 08:00 шамасында Разин мен Өскемен көшелерінің қиылысында болған.
«Subaru мен Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан 3 адам зардап шеккен. Екі әйел мен бала бірден медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Semey News