Абай облысыДенсаулық сақтауТОП

Абай облысының бірнеше ауылында медициналық пунктер ашылды

Облысымызға қарасты Абай ауданының Медеу, Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі, Мақаншы ауданының Бекет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың салтанатты ашылуы өтті.

Нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Жаңа амбулаториялар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.

Айта кетерлігі, барлық медициналық пункттер бір мезетте 25 адамға дейін қызмет көрсете алады. Барлығында емшара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері және дәріхана бар.

Жаңа медициналық пункттер заманауи стандарттарға сай келеді. Қажетті кабинеттер мен алғашқы медициналық көмек көрсету қарастырылған. Пункттер су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button