ШҚОКриминалТОП

Өскемен қаласының тұрғынынан ататын қару-қалам тәркіленді

Өскемен қаласының тұрғынынан ататын қару-қалам тәркіленді, деп хабарлайды ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі Салтанат Ожиканова

Ерекше режимдегі колония қызметкерлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен бірге Өскемен қаласының 44 жастағы азаматын ұстады, ол өз еркімен қолдан жасалған атыс қаруына ұқсас заттың берді.

“Қылмыстық-атқару жүйесі мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде азаматтан автоқалам ретінде бүркемеленген, шағын калибрлі патрон үшін бір оқтаулы тапанша тәркіленді. Аталған факті бойынша балистикалық сараптама тағайындалды”, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ облыстық департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button