Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы кіріс декларациясын кім тапсыруы керек?
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 СЕН) 2025 жылы ұсынуға келесі санаттар міндеттелетінін мәлім етеді:
- шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
- сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар;
- банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуға ниетті тұлғалар;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
- декларацияны ерікті түрде тапсырғысы келетін азаматтар.
Декларацияны ерікті түрде ұсынған кезде декларанттар 10 000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және басқа да активтер мен міндеттемелерді декларациялай алады, бұл кейіннен жеке тұлғаның шығындарын растауға негіз болатындығын атап өткен маңызды.
Қолма-қол ақша сомасы 10 000 АЕК-тен асатын азаматтарға (2024 жылы бұл 36 920 000 теңге) бұл қаражатты 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін банктік шоттарға орналастыру қажет.
Бұл ағымдағы жылдың соңына дейін кредиторлық және дебиторлық берешекті нотариалды куәландыруға да қатысты.
Жекепрактикаменайналысатынтұлғалар бойынша 2025жылы240.00нысанындағысалықесептілігіжойылатынын атап өткімкеледі.
Олар2025жылы240-шы нысанның орнына250-шібастапқыжәне270-шінысандарды ұсынады.
Ұсыну мерзімі 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін, ЖТС төлеу мерзімі-2025 жылғы 25 қыркүйекке дейін.
Декларацияны қалай тапсыруға болады?
Декларацияны Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы, Web-портал Moldir.qoldau.kz, eGov mobile мобильді қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің (Каспи, Халық, БЦК) мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.