Абай облысыауылшаруашылығыВизитВыборыМӘМСНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНОВОСТИ ДНЯТОП

Аймақ басшысы №4 арнайы мектеп-интернатына барды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі «№ 4 арнайы мектеп-интернатқа» барды. Сапар барысында өңір басшысы оқу орнының ағымдағы жағдайымен, материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ мектеп ұжымы және тәрбиеленушілерімен кездесті.

Облыс әкімі жаңа жыл қарсаңында оқушыларды құттықтап, зор денсаулық, қуаныш және оқуда табыс тіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық жасау басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Әр бала өзінің қоғамға қажет екенін сезінуі керек. Өз тарапымыздан балалардың таланттарын ашып, жаңа қырынан танылулары үшін барлық жағдайды жасаймыз. Сіздердің жетістіктеріңіз – біз үшін үлкен қуаныш. Жаңа жыл сіздерге жаңа жетістіктер мен бақыт әкелсін, – деді облыс әкімі.

Интернат директоры оқушылардың жетістіктерін атап өтіп, олардың оқу және шығармашылық, қоағамдық жұмыста белсенді екендерін алға тартты. Облыс әкімі оқушылармен әңгімелесіп, алдағы мерекеге дайындықтарын тамашалады.

Анықтама: мектеп 100 оқушыға арналған. Жалпы ауданы 2488 шаршы метрді құрайтын бейімделген ғимаратта орналасқан. Негізгі ғимарат 1950 жылы салынса, ал жатын ғимарат 1978 жылы іске қосылды. Мектепте есту қабілеті бұзылған 72 бала оқиды, оның 65-інің мүгедектігі бар. Олардың білім алуы және тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасалған. Мекемеде 14 тәрбиешіні қосқанда 49 педагог қызметкер жұмыс істейді. 21 кабинет, 6 дефектолог кабинеті, есту жұмысы кабинеті, сондай-ақ қыздар мен ұлдарға арналған екі оқу шеберханасы қарастырылған. Оқушылардың жатын корпусы 65 орынға арналған, ал типтік оқу корпусы білім беру үшін толық жабдықталған. Сондай-ақ, мектепте бейімделген спорт залы, кітапхана, 90 орындық асхана және медициналық пункт бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button