Абай облысында инфрақұрылымды дамыту: 2024 жылдың қорытындысы
Биыл облыстың инженерлік желілерін күтіп ұстауға, жаңғыртуға және реконструкциялауға ерекше назар аударылды.
Мәселен, ағымдағы жылы сумен жабдықтау желісі бойынша облыста 8,6 млрд теңге қаржыландырумен 53 жоба (33 құрылыс, 20 қайта құру) іске асырылуда. 385 шақырым су құбыры желілері салынды.
Облыста 43,8 шақырым желі қайта жаңартылды, тозу көрсеткіші 48,1% – дан 46,7% – ға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, Семейдегі су тапшылығының алдын алу үшін “Смычка” су қабылдағышын қайта құру жобасы әзірленуде.
Жылумен жабдықтауға келетін болсақ, биыл облыста 18,5 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылуда.
Ағымдағы жылдың өткен 11 айында 26,1 шақырым жылу желілері және 17 жылу көздері салынды және реконструкцияланды. Желілердің тозуы 64,2% – дан 60,3% – ға дейін төмендеді, 2025 жылы 57,7% – ға дейін төмендеу күтілуде.
Сондай-ақ, өңірде 7 жылу көзін және 3 желі учаскесін реконструкциялау жобалары әзірленуде.
Ағымдағы жылы абаттандыруға 910,8 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жыл көлемінде 87 ойын, спорт және футбол алаңдары орнатылды.
Сонымен қатар, 9 қоғамдық орын жабдықталды. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында қосымша 51 көше жарықтандыру жобасы іске асырылды.