Аймақ басшысы аудан активіне жаңа аудан әкімін таныстырды
Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы 1979 жылы 5 маусымда Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Бастауыш сынып және ұлттық мектепте орыс тілі пәні мұғалімі», М.О. Әуезов атындағы Семей университетін «Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Семей қаласының № 33 орта мектебінің бастауыш сыныптарындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2002-2008 жж. Семей қаласының № 17 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары. 2008-2009 жж. Семей қаласының № 36 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары. 2009-2010 жж. Ақмола облысының Жақсы ауданының Жақсы ауылының № 2 Жақсы орта мектебінің директоры. 2010-2012 жж. Семей қаласының білім бөлімінің бас маманы.
2012-2013 жж. Бесқарағай ауданы әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің басшысы. 2013 жылдың ақпан – қыркүйек айларында Семей қаласы әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және марапаттау бөлімінің бас маманы. 2013-2014 жж. Семей қаласы әкім аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы.
2014 – 2015 жж. Семей қаласы әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы. 2015-2019 жж. Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы. 2019 жылдан соңғы тағайындауға дейін Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.