Аягөзде электр желісін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда
18.12.2024 жылы сағат 23.30-да Аягөз ауданының 101 төтенше жағдай желісіне
«Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ-на қарасты электр жабдықтау станциясының (подстанция) жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіруге 4 өрт сөндіру көлігі, 15 қызметкер жұмылдырылды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде сағат 23:59-да өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Қалпына келтіру жұмысы нәтижесінде Мамырсу ауылдық округі және Аягөз қаласынан басқа барлық ауылдық округтер электр энергиямен толығымен қамтамасыз етілді.
Қала бойынша бірінші кезекте орталықтандырылған 6 жылу қазандығын іске қосу қолға алынды. Қазір олардың 5 уі жұмыс істеп тұр. 1 -ін іске қосу жүзеге асырылуда. Тұрғындарға электр қуатын беру жұмысымен «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ қызметкерлері айналысуда.
«БЭСК» АҚ Үржар, Жарма аудандары мен Өскемен және Семей қалаларынан келген 7, сондай-ақ Аягөзден 3 бригада жөндеу жүргізуде. Қалпына келтіру жұмысына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылды.