Covid-19День ПобедыКриминалМирНазначениеСаясатПроисшествияСемейЭкономика

Қоғамдық көліктердің сапасын арттыру Семей қаласының негізгі міндеттерінің бірі.

Соңғы жылдары бұл салада айтарлықтай өзгерістер орын алды. Облыс құрылғанға дейін қаладағы маршруттарға техниканың шығу көрсеткіші небәрі 50 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш тұрақты 75 пайызды құрап отыр.

2023 жылдан бастап көлік инфрақұрылымын жаңартудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен жылы қала әкімдігі тасымалдаушылармен бірлесіп 70 жаңа автобус сатып алды. 2024 жылы автопарк тағы 90 бірлік техникамен толықты.

2025 жылға арналған жоспарлар бұдан да ауқымды. Жолаушыларға жайлылықты арттыру мақсатында 40-тан астам ірі класты автобустар сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тасымалдаушыларға төленетін субсидиялау жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Бұл шаралар қоғамдық көлік қызметін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, — деді қала әкімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button