Абай облысы

Азаматтардың қауіпсіздігі – басты назарда

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жаңа жылдық мерекелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады. Сонымен қатар, Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Пиротехника» алдын-алу шарасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Комиссия отырысына білім, денсаулық сақтау сынды басқармалардың өкілдері қатысты.

Жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізу мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» республикалық алдын-алу іс-шарасы жоспарының тармақтарын шұғыл орындау бойынша тапсырмалар берілді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мен әлеуметтік нысандар басшыларына жаңа жылдық мереке кезінде күшейтілген кезекшілікті ұйымдастыруға нұсқау берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button