Абай облысыТОП

Абай облысында өңірлік даму бағдарламасын іске қосады

БҰҰДБ ел Үкіметімен бірлесіп Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарын қамтитын ауқымды өңірлік бағдарламаны іске қосады. Осыған орай Абай облысына жұмыс сапарымен БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері келді. Күн тәртібінде Абай облысын дамыту және қолдау жөніндегі өңірлік бағдарламамен жұмысты бастау мәселесі қаралды.

Абай облысында өңірді дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде. Оңтайлы шешімдерді іздеу үшін әртүрлі алаңдарда мақсаттарды іске асыру мәселелерін талқылауға көп көңіл бөлінеді. Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің облыстың халықаралық ұйымдармен көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге арналған стратегиялық бағытқа бейілдігін растағым келеді. Жалпы, тараптар арасындағы қарым- қатынастың маңызын түсіне отырып, Абай облысы барлық саладағы диалог үшін ашық және БҰҰДБ облыстық бағдарламасының ұсыныстарын қарауға дайын, – деді кездесуде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.

2023 жылдың желтоқсан айында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары БҰҰДБ қолдауымен Абай облысында тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын (ТДМ) келісу бойынша семинар өткізді. Талқылауға облыстық басқармалар мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Іс-шараның қорытындысында өңірлік индикаторлар тізбесі келісіліп, олардың бір бөлігі өңірді дамыту бағдарламасына енгізілетін болады.

БҰҰДБ өңірлерді дамыту үшін жобаларды пысықтауда. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік саланы дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, сондай-ақ айналмалы экономика және мал шаруашылығы саласындағы бастамаларды іске асыру. Үлкен жұмыс атқарылды. Ең маңызды мәселе – стратегиялық жоспарлау. Менің ойымша, біздің жұмысымыз жемісті болады, – деді БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.

2025 жылға арналған жоспарлар өңірдің даму жоспарларын ТДМ-мен үйлестіруді, өңірлік деңгейде орнықты даму мақсаттарын оқшаулауды, әкімдік пен жеке сектор арасында бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыру тетіктерін құруды, әлеуметтік нысандар құрылысының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін тексеру комиссиялары мен мәслихаттарды тартуды қамтиды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button